Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Ж. Қасымбек «Қазмырыш» ЖШС металлургиялық кешенінде болды

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары аясында аймақта орналасқан бірқатар маңызды индустриялдық кешен нысандарына барды.

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуінен кейін министр Өскемен «Қазмырыш» ЖШС металлургиялық кешеніне барды. Ол жерде министр Ж.Қасымбек кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі ҚР ИДМ-нің жұмыстары туралы айтып берді.

Министр Президент Жолдауы аясында Үкімет пен бизнеске 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шарасын бірлесіп әзірлеуді тапсырғанын атап өтті.

Министр ШҚО-ның ірі кәсіпорын басшылары мен иелерін бұл жұмысқа белсенді атсалысуға шақырды.

«Уақыт бір орында тұрмайды. Бәсекеге қабілетті болу үшін қондырғыларды модернизациялап, өндіріске жаңа технологияларды енгізу қажет. Біз автоматтандыру мен роботтандыруды енгізу арқылы, жасанды интелектті пайдалану мен мол деректермен алмасу арқылы еңбек өнімділігін арттыруды көздейміз...», - деп атап өтті министр.

Министрлік жер қойнауын пайдалану саласының отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын әзірледі.

«Біздің азаматтық қоғам ұсынылған норманы белсенді талқылауда және күзде Кодекс жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отырмыз. Сіздердің аймақтарыңыз үшін геологиялық және тау-кен байыту салаларын дамыту маңызды басымдыққа ие. Шығыс Қазақстан территориясының жер қойнауын пайдаланудағы перспективасы жоғары екенін атап өткім келеді»,-деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар, министр 1 ақпаннан бастап министрлікте Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлауға тапсырыс қабылдаудың пилоттық режимі іске қосылғанын айтып өтті.

Өскемен металлургиялық комбинатының директоры Тұрарбек Азекенов кездесу соңында қонақтарды техникалық қауіпсіздікпен таныстырды. 

Сонымен қатар, министр бағалы металдар өндіретін зауыт, мыс зауытының мыс электролизі цехына барды. Онда мыс балқыту өндірісі жұмысының ерекшеліктерімен танысты.

«Қазмырыш» ЖШС-нің қызмет атқарып келе жатқанына 10 жылдан асты. Қазіргі уақытта мұнда 24 мыңнан астам шығысқазақстандық жұмыс істейді. Зауыт 2030 жылға дейін шикізатпен қамтамасыз етілген. Тұтыну нарығының басым бөлігі Еуропа, Азия және ТМД елдеріне тиесілі. Кәсіпорында заманауи жаңа технологиялық қондырғылар пайдаланылады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі