Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ақпараттары

 

 

 

Қазгеология Қарағанды облысы бойынша 13 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде

Қарағанды қаласында  Қарағанды облысында геология саласын дамыту перспективалары мәселесі бойынша кеңес өтті.

Жиынға облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев, «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов,  ҚР Энергетика министрлігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Қарағанды облысында геология саласын дамыту перспективалары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Руслан Баймишевтің жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалардың алғышарттары және оның негізгі ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қарағанды облысында геологиялық барлау жобаларын іске асыру туралы «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов баяндады.

Ғалым Нұржановтың айтуынша, «Қазгеология» АҚ-тың шетелдік инвестицияларды тарту және инвесторлармен іскерлік қатынастарды жақсарту жөнінде жоспарлы жүргізіліп отырған жұмысының нәтижесінде соңғы 3 жыл ішінде Компания геологиялық барлау жұмыстары саласына 30 млрд. теңгеден астам қаржы тартты, олардың ішінде инвестициялардың  30%-ы (немесе 9 млрд. теңге) Қарағанды облысының үлесінде.

Сондай-ақ, Ғ.Нұржанов «Қазгеология» АҚ-тың өңірде жалпы сомасы 3,5 млрд. астам теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырмалар негізінде 13 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Мысалы, Қарағанды облысында «Қазгеология» АҚ Rio Tinto (Ұлыбритания), Korea Resources Corporation (Оңтүстік Корея), «ULMUS FUND» (Германия), JOGMEC (Жапония),  Yildirim Holding (Түркия) сияқты шетелдік компаниялармен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.

Rio Tinto компаниясы 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде әрі Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелерінде мыс-порфира кендерін барлау жөніндегі жобалармен айналысуда.

Korea Resources Corporation 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде әрі Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде полиметалл кендерін барлау жөніндегі жобамен айналысуда.

Жапонияның JOGMEC мұнай, газ және металдар жөніндегі корпорациясы 2016 жылдан бастап Қыземшек учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеумен айналысуда.

«ULMUS FUND» неміс тікелей инвестициялар қоры 2015 жылдан бастап Бесшоқы алаңында түсті және асыл металдарды барлау жөніндегі жобамен айналысуда.

Yildirim Holding түрік компаниясы бастапқы кезеңде Қазақстандағы бірнеше перспективалы учаскеде, оның ішінде Қарағанды облысының Тектұрмас ультрабазит белдеуінде хромит кендеріне жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуді жоспарлауда.

Ғ.Нұржанов таяуда осы өңірде полиметалдардың ірі кен орны ашылады деп күтіліп отырғанын атап өтті.

Жалпы алғанда, саланы одан әрі дамыту үшін «Қазгеология» АҚ бұрғылау, геофизикалық және аэрогеофизикалық жұмыстар саласындағы әлемдегі әйгілі компаниялардан жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруда, сондай-ақ ұлттық компания өз қызметкерлерін оқыту жөніндегі жұмысты жолға қойды. Қазіргі сәтте  Rio Tinto компаниясының көмегімен 60 жас қызметкер 14 геологиялық бағыт бойынша оқытылды.

Түстен кейін  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің жобасын талқылау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының негізгі ережелері туралы «White&Case» ЖШС-тің консультанты заңгер Тимур Одилов айтып берді.

Кеңестің қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, барлық ұсыныстар ескерілді.

 

 

ТіркемеКөлем
File «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің қоғамдық маңызыдылығы және қажеттілігі221.01 KB
Office presentation icon «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы (көмірсутектер)215 KB
File «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен110.74 KB
File Қоғамдық тыңдауларда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасының Презентациясы1.9 MB
File «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің қоғамдық маңызыдылығы және қажеттілігі221.01 KB
File «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасының Презентациясы1.9 MB
File «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы74.35 KB
Microsoft Office document icon «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасы1.35 MB
File «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен138.36 KB
Microsoft Office document icon «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен1.05 MB
Office presentation icon Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы215 KB
PDF icon Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму қоғамдық кеңесімен өткізілген қоғамдық тыңдаулар Хаттамасы1.1 MB
File Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енг122.82 KB
PDF icon Қоғамдық тыңдаулардың қорытынды хаттамасы929.97 KB
File Тізім39.47 KB