Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Теміржол жылжымалы құрамын қай жерде және қалай тіркеуге болады?

Жауабы: «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сұрақ: Жазғы мерзімде теміржол билеттерін алу қиыншылық туғызады, оларды қалай алуға болады?

Жауабы: Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы 2 тарауының 7 және 9 тармақтарына сәйкес

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында, оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассаларында және (немесе) электрондық терминалдар мен интернет ресурстары арқылы жүргізіледі.

Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда, сондай-ақ жолаушылар поездарының жалпы вагондарында, билет кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын жолсеріктердің сатуына жол беріледі.

Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) жолаушылар тасымалдарын автоматтандырылған басқару жүйесі терминалдарымен жабдықталған кассаларда және қол технологиясы бойынша сату поезды жасақтау пунктінен және айналымынан 45 тәуліктен бастап және поезд аралық станциядан жөнелтілгенге дейін сату режиміне немесе орындар нормасына байланысты жүзеге асырылады.

Жол жүру құжаттарын алдын ала сату 45 тәуліктен бастап поездың аттануына 1 тәулік қалғанға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Сұрақ: Бұрын берілген қауiптi  жүктерді тасымалдауға арналған лицензиялар жарымды деп танылады ма?

Жауап: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 48-бабына сәйкес лицензияланатын қызметтер тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтатылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Заңымен автомобиль көлігімен қауіпті жүкті тасымалдау қызметі лицензияланатын қызметтер тізбесінен алып тасталды.

Демек, бұрын берілген лицензиялар Заң қолданысқа енгізілгеннен, яғни 12 жылғы 11 тамыздан бастап жарамсыз болып табылады.

Сұрақ: Электрондық (цифрлық) тахографтарға карточкаларды қалай алуға болады?

Жауап: Электрондық (цифрлық) тахографтарға карточкаларды шығаруды «KazTACHOnet» ЖШС (Алматы қ., Желтоқсан көш. 89, офис 304, 8 727 2221691, +7 702 221 5455) жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау мен карточкаларды беру сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) Дүйсенбі – Жұма күндері  жүзеге асырылады.

Сондай-ақ карточкаларды шығаруға құжаттарды қабылдау Петропавловск (Егемен Қазақстан көшесі 66, офис 103, «NK-Cargo» ЖШС, 8 7152 463837 , 362890,468612), Павлодар, Генерал Дүйсенов көшесі 106-115, «АСПЕКТ-KZ» ЖШС, 8 7182 322780) және Қостанай қалаларында (Карбышева көшесі 30Б, «Кравченко Вера» ЖК, 8 7142 225723, +7 771 028 8848) жүзеге асырылады.

Сұрақ: Белгілі болғандай, өткен жылдың қараша айында жыл сайынғы Елбасы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын Қазақстан халқына арнады, онда негізгі бағыттардың бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болды. Жолдау шеңберінде Инвестициялар және даму министрлігімен Боржақты – Ерсай теміржол желісін және Алматы – Шу учаскесінде екінші жолдар жобаларын іске асыру көзделген. Айтыңызшы, бұл жобаларды іске асыру қай мақсатқа бағытталған?

Жауап: Иә, Елбасының өткен жылғы Жолдауы шеңберінде көрсетілген жобаларды іске асыру айтылған. Ертедегі басқа Жолдауларында Елбасы жыл сайын көлік саласына ерекше мән береді, жаңа теміржол желілерін салу соның қатарында.

Енді Боржақты – Ерсай теміржол желісін салу мәселесіне қатысты.

Бұл жобаны іске асыру Құрық портын теміржол магистралымен қосуға бағытталған.

Бұл өз кезегінде теміржол құрамдарын болашақты паромдық кешенге кедергісіз жеткізуге жағдай жасайды, сонымен қатар порт аймағында дамып келе жатқан кеме жасау, кеме жөндеу зауыты және металлқұрылыс өндірістерін (жекеменшік ұйымдар) көлікпен қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, жаңа учаскемен тасымалдау бірінші  бес жылда жылына 8 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде.

Алматы – Шу учаскесінде екінші жолдар салу жобасына қатысты.

Жобаны іске асыру Алматы – Шу учаскесінде тар жолдарды жоюға арналған, бұл тасымалдау қабілетін 30 млн. тоннадан 120 млн. тоннаға дейін арттырады және поездың жүру уақытын шамамен 2 сағатқа қысқартады.

Алдын-ала есептеулер бойынша, көрсетілген учаскеде болашақты тасымалдау көлемі 2020 жылға 13,5 млн. тонна 2027 жылға 14,1 млн. тоннаны құрайды.

Сұрақ: Қазақстандық рұқсат бланкісіз жүк тасымалын іске асыруға салынатын айыппұл көлемі?

Жауап: ҚР ӘҚК 573 бап 1 тармағына сәйкес шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сұрақ: Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет және осы қызмет қайда көрсетіледі?

Жауап: Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • өтініш;
  • кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;
  • № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
  • 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
  • жеке басты куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Сұрақ: Шағын көлемді кемені тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: - өтініш;

- жеке басты куәландыратын құжат;

- сататын ұйымның анықтама-есебі немесе сататын ұйымның тауар чегі, не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шарты, не мұрагерлікке құқық туралы куәлік, не «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар (бұдан әрі кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжат);

- кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;

- егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат;

- шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Сұрақ: Қандай кемелер шағын көлемді кемелер болып табылады?

Жауап: Балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кемелер.

Сұрақ: Шағын көлемді кеменің жүргізушісінде қандай құжаттар болуы тиіс?

Жауап: Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, кеме билеті.

Сұрақ: Жолды пайдаланушылар тарапынан көптеген шағымдар түсетін «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының Сарқанда қ. айналма жолын реконструкциялау қашан аяқталатындығы туралы айтыңызшы.

Жауап: «Алатау» жол-құрылыс консорциумы жобаның мердігері (бұдан әрі – Мердігер) 2013 жылы материал және техниканы дайындаумен проблема болды. Одан басқа осы жобаны іске асыруды әлсіз ұйымдастырумен байланысты 2014 жылғы жұмыстар аяқталмады. Осы себеп бойынша ағымдағы жылы жобаның Тапсырыс берушісі – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) Мердігермен шартты бұзу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта шарт бұзылды және Тапсырыс берушімен қалған жұмыстардың көлемін есептеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаның құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұдан кейін қайтадан Мердігерді анықтау бойынша ресімдер жүргізілетін болады.

Сонымен бірге, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және реконструкциясын 2020 жылы, оның ішінде «Сарқанд қ. айналма жолын» 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сұрақ: Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды автомобиль жолдарын реконструкциялау қашан басталады, бұған бюджеттен қаражат бөлінген? Не үшін жұмыстар басталмады, оған не кедергі болды?

Жауап: Автожолдың ұзындығы 925 км, құны шамамен 280 млрд.теңгені  құрайды. Қазіргі уақытта осы автожол бойынша Қызылорда және Жезқазған арасындағы 157 км жобалық-сметалық құжаттама дайын және ағымдағы жылы осы участкалерде құрылыс жұмыстарын бастауға 3 млрд.теңге бөлінген болатын.

Жоба капиталының үлкен көлемін ескерумен, 2016 жылы бюджетте қажетті қаражаттың болмауы, осы жоба және Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс іске асырылатын жобаларының артықшылығы жобаны іске асыруды бастау 2019 жылға қалдырылды. Сенесізбе, міне жұмысты ағымдағы жылы бастаймыз, участкілер толықтай алынды, айналма жолдар болады, ал 2016 жылы ақша бөлінбеді. Участкілерде жұмыстар толықтай тоқтайды, жұмыс орындары қысқарады және сонымен ақша бөлінгенше барлығы қалатын болады. Таяудағы 3 жылда жобаны іске асыруға қаражат көзделмеген. Бюджеттік қаражаттың нысалы емес пайдалануын болдырмау мақсатында жобаны іске асыруды 2015 жылы бастауды және басқа жобаға бөлінген қаражатты қайта бөлуді тоқтату туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта Үкімет мемлекеттік кепілдік арқылы Халықаралық қаржы институттардың қаражаттарын тарту мәселесі қаралуда.

Сұрақ: Бүгінгі күні Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізінің көп бөлігі қайта жаңғыртылды, ол Қызылордадан Хоргосқа дейінгі аралық, Ұзынағаш – Отар телімінен басқасы, 1-техникалық санатқа ауыстырылды. Жобаны аяқтағаннан кейін транзиттің және жүк ағынының қарқындылығының күтілетін артуына қарағанда, осы телімді  қазір кеңейту қажет.
Осы мәселені шешу бойынша қандай шаралар қолданылатын болады?


Жауап: Осы телімнің ұзындығы - 98 км. Осы телімді қайта құру «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қарастырылған. Телім 1-техникалық санатқа ауыстырылды.
Қайта құруды 2016 жылы бастап, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Телімді қайта құруға ХҚДБ үнемделген қарыздық қаражаты жіберілетін болады.
Ағымдағы жылы телімнің ТЭН және ЖСҚ әзірлеуді бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, келісімге қол қою және 2016 жылғы 1-жартыжылдыққа бекіту жоспарлануда.

Сұрақ: Болашақта 7 мың км-ге тығыздылықты ензізуді жоспарлайсыздар ма? Қандай жолдарда тығыздылық енгізуді жоспарлап отырсыздар? Тығыздылық қалай төленетін болады және 1км-не баға қандай болмақ? Бұрынғы тариф сақтала ма?

Жауап: Сіз атап өткендей, Министрлік 2020 жылға дейін ақылы автомобиль жолдарының ұзындығын, «Батыс Еуропа- Батыс Қытай, Астана –Алматы, Алматы -Қапшағай» , Астана –Атбасар, Астана –Павлодар халықаралық дәліздері  сияқты автомобиль жолдарының ұзындығын 7 мың км-ге дейін жеткізу жоспарлануда.

Сұрақ: Қазіргі уақытта  Астана – Щучинск автожолдарын пайдаланушылар тарапынан қолданыстағы жүйеге шағымдар көп. Соған түсінік бере аласыз ба?

Жауап: «Астана -Петропавл» автомобиль жолының Астана-Щучинск ақылы телімінде төлем өндірудің авт оматтандырылған жүйесі орнатылған және туындаған проблемалар негізінен жол жүруге әр түрлі есептеулерге байланысты.

Осы проблема ең алдымен, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің белгілерін қате танудан туындайды, оған КҚ кір, жарық түсірілген  нөмірлері мүмкіндік туғызады.
Нөмірлерді белгілеу шыққанда ғана емес, сонымен бірге кіргенде және аудандардың шекарасындағы бақылау аркаларында жүргізілетіндіктен, КҚ нөмірлерінің таза болуы телімнің барлық бойына сақталуы тиіс екендігін атап өтеміз.

Ағымдағы жылғы ақпанда Министрлікпен «Ақылылықтың кешенді стратегиясын әзірлеуге консультациялық қызмет» бойынша «ИСАН» Оңтүстік-корей компанисымен келісімшарт жасасылды. Осы келісімшарт аясында қалалық емес ақылы жолдар бойынша шетелдік тәжірибеге талдау жүргізу және  Қазақстанда кейінгі енгізу үшін ұсыныс беру жоспарлануда. Осы жұмыстар 2016 жылғы наурызда аяқталатын болады.

Сұрақ: 2009 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) аудитінен кейін Еуроодақпен салынған қазақстандық авиакомпаниялармен шектеулерді алып тастау жөніндегі авиациялық билікпен қандай шаралар қабылдануда?

Жауап: Аудиттің нәтижелері бойынша қауіпсіздік деңгейінің жалпы сәйкессіздігі 47 % құрады, ескертулер болды, оның ішінде 2-і ден қоятын, оның біреуі пайдаланушылар (аудит кезеңінде сертификаттау жөніндегі рәсімдеулер халықаралық талаптарға сәйкес келмеді және іс жүзінде орындалмады) сертификаттарын беру кезінде сертификаттау процесімен байланысты, ал екіншісі ӘК (аудит кезеңінде ӘК техникалық байқаусыз берілді) ұшу жарамдылығы сертификаттарын берумен байланысты.

Азаматтық авиация комитетімен ескертулерлерді жоюға бағытталған бірқатар шараларды қабылдады.

2012 жылы көмек көрсету, тәжірибе алмасу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы сертификаттау мен қадағалауды өткізу саласындағы тағылымдамаға оқыту мақсатында ХААҰ Техникалық ынтымақтастық бюросымен  келісімге қол қойылды, оны орындау үшін  ААК қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша ХААҰ 14 сарапшысы Қазақстанға жіберілді.

ХААҰ ТЫБ сарапшыларымен бірлесіп барлық авиакомпаниялардың ресертификациялауы өткізілді (авиакомпаниялардың саны 2009 жылы 70-тен бастап 2014 жылы 45-ке дейін қысқартылды) (олардың ішінде 22-сі эксплуатанттар, 23- авиациялық жұмыстар). ХААҰ ұынылатын бағдарламалар бойынша ААК инспекторлық құрамын даярлау өткізілді, азаматтық авиация субъектілірінің орналасу орнына шығумен тәжірибелік оқыту ұйымдастырылды, басқару қызметінің әр түрлі аспектілері бойынша кіру рұқсатының тиісті түрлері ресімделді, инспекторлық құрамды бағалау өлшемдері әзірленді жәнеіріктеу өткізілді.

Тәжірибелік алмасу мақсатында ұшу жарамдылығын қолдау мәселелері жөніндегі Түркия, Францияның авиациялық биліктерімен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде,  2014 жылғы 10 сәуірде «Эйр Астана» АҚ-нан Еуропалық одақ елдеріне ұшуларды орындауға шектеулер алынды.

ХААҰ валидтеу миссиясының нәтижесі бойынша 2014 жылғы маусымда ұшу жарамдылығы бойынша айтарлықтай ескертулер алынды және ХААҰ стандарттарына ААК қызметіне сәйкес пайызы - 47% -дан 65%-ға өсті. Бұл ретте, орташа әлемдік көрсеткіш 60% сәйкес келеді. Қазіргі уақытта ұшу пайдаланымы бойынша айтарлықтай ескертулерді жою (авиакомпани яны сертификаттау) және өзге де ескертулерді жою Жоспары бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының авиациялық биліктерімен ХААҰ валидтеу миссиясын өткізуге даяр екендігі туралы хат жолданды.
Жақын уақытта ХААҰ-нан Қазақстанда валидтеу миссиясын өткізу туралы жауап күтілуде және жағымды өту жағдайында қазақстандық ұшуларға Еуроодақтың шектеулері алынады деп жоспарлануда.

Сұрақ: Мердігер жұмыстарды аяғына дейін жеткізбей тастап кеткен Омбы-Майқапшығай республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шар-Қалбатау учаскесін қайта жаңарту жұмыстары қашан бітпекші?

Жауап: Осы учаскенің салынған жол жамылғысының конструктивті қабаттарын сақтап қалу үшін және, негізгі жол-құрылыс материалдары құнының, машиналар мен механизмдер қызметінің қымбаттауын назарға ала отырып, Министрлік Мемсараптамаға қайта есептелген ЖСҚ-ның болжамды құнының өсуін 1 754 428,56 мың теңге сомасы шеңберінде бекіту туралы шешім қабылдануда. Егер Мемсараптама тарапынан қолдау тапса әрі қарай  қаржы бөлуге РБК-ға қайта енгізіледі. Алайда РБК-ны тарапынан қолдау тапқаннан кейін, қалған жұмыстарды орындауға мердігер анықтау үшін конкурс жарияланады.

Жұмыстарды 2016 жылдан бастау көзделуде.

Сұрақ: Қарағанды-Боғас республикалық маңызы бар автомобиль жолының Баршатас-Аягөз-Тарбағатай учаскесін күрделі жөндеу қашан көңіл бөлінеді?

Жауап: Қарағанды-Боғас автожолының Баршатас-Аягөз-Тарбағатай автомобиль жолы учаскесі жабындысының көп бөлігі расында қанағатсыздық жағдайда. Бірақ, аталған ақаулар орташа және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу жолымен жойылуда. 2010 жылдан бері ұзақтығы 54 км учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қайта жаңарту жұмыстарын 2020 жылдан кейін іске асыру болжануда. Осыған қарамастан, аталған жолдың аса бұзылған учаскелері күрделі және орташа жөндеу жұмыстары есебінен жүргізілмекші.

Сұрақ: Әлемдік экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық интеграцияға қатысуы қаншалықты негізді?

Жауап: Еуразиялық интеграция  әлемдік экономикалық тұрақсыздық, негізгі энергия ресурстарына бағаның төмендеуі, Ресей мен Батыстың өзара экономикалық санкцияларды қолдануы жағдайларында Қытай, еуропалық елдер мен Орталық Азия мемлекеттерін қоса алғанда еуразиялық өңірдің барлық елдерінің  барынша тығыз экономикалық кооперациясы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.  Ал, географиялық  жағдайын ескере келе  Қазақстан  еуразиялық интеграциялық процестің элементі ретінде Шығыс пен Батыстың арасындағы  байланыстырушы буын бола алады.

Бұдан басқа, бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды ескере отырып өнеркәсіпті дамыту мен шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту  үшін маңызды аспект  қазақстандық өнімнің  әріптес елдер нарықтарына қол жеткізуіне кедергілерд жою болып табыады.

Осылайша,  Қазақстанның  Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы  Үкіметтің экономиканы әртараптандыру жөніндегі жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің Республика әлемдік экономикада мықты, бәсекеге қабілетті қатысушы болуға ниеттенуде.  Алдағы уақытта әр түрлі салаларда ортақ нарықты қалыптастыру жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру кезінде Қазақстанды негізгі оң өзгерістер  күтуде.

Бұл ретте,  алдағы уақытта  қатысушы елдерге сияқты тұтастай барлық континенттің экономикалық дамуы үшін барынша маңызды пайданы  Еуразиялық экономикалық одақ әкелетін болады. Оның кезең-кезеңмен дамуы еуразиялық интеграциялық процестің тұрақтылығы мен тартымдылығы үшін  қажетті тұғырнама  жасайды.

Сұрақ: Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті қандай?

Жауап: Еуразиялық  интеграцияның экономикалық әлеуеті  өте жоғары.  Мүше мемлекеттердің жиынтық экономикаларының көлемі 2,2 трлн. АҚШ долларынан астамды құрайды. Үш елдің  жалпы өнеркәсіп өнімін шығару  көлемі 1,5 трлн. АҚШ долларына жетеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша  жиындық ЖІӨ өсімі түріндегі  перспективті интеграциялық әсер  2030 жылға қарай   900 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін. Қазақстан үшін  ЖІӨ 30 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша Одақтың экономикасына үш елден  тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 2030 жылға қарай 85 млрд. АҚШ долл.құрауы мүмкін, оның ішінде Қазақстан Республикасы  ЕАЭО қатысудан қосымша - 40 млрд. АҚШ долл.,  Беларусь Республикасы– 9,6 млрд. АҚШ долл., Ресей Федерациясы  – 35,4 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде  пайда таба алады.

Сұрақ: Қазақстанның өңірлік экономикалық интеграцияға қатысуы қажеттілігін жасайтын негізгі қандай факторлар бар?

Жауап: Негізгі үш фактор бар.

Бірінші фактор – бұл континентальдық  тұйықтық.  Республиканың теңіз порттарынан алшақ географиялық орналасуы үшінші елдердің нарығына қол жеткізу мүмкіндігін төмендетеді, экономикалық өсу мүмкіндігін шектейді.

Екінші фактор – инвестициялар тарту және  қайта өңдеу өндірісін дамыту үшін 17 млн. адамды пайдалану көлемі бар ішкі нарық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі.

Және үшінші фактор – әлемдік экономикалық өсудің баяулау үрдісі,  Қазақстанның негізгі экспорт тауарларын (мұнай, металл) тұтынудың әлемдік нарықтарының тұрақсыздығы.

Сұрақ: Сыртқы нарықтарға шығуды жоспарлайтын экспорттаушы компания қандай мемлекеттік қолдауды пайдалана алады?

Жауап: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы «KAZNEX INVEST» АҚ сыртқы нарықтарға өңделген өнімді өндіретін қазақстандық экспорттаушыларға сервистік және қаржылық қолдау көрсетеді. Сіз өз компанияңызды алға жылжытуда мына құралдарды пайдалана аласыз:

- шетелде сауда миссиясының құрамына қатысуы (қазақстандық өндірушілер мен әлеуетті шетелдік сатып алушылар арасында тікелей байланысты орнату үшін бизнес форум пішімінде сауда миссиясы өткізіледі);

- шетелдік бейінді көрмеге қатысу (өзінің компаниясын және өндіретін өнімі мен қызметін таныстыруға, жаңа клиенттерді табуға және байланысты нығайтуға, бизнесті дамыту үшін жаңа әріптестер табуға мүмкіндік беретін сыртқы нарықта кәсіпорынды жылжытудың тиімді арнасы);

- Бірыңғай ұлттық стенд пішімінде бейінді шетелдік көрмелерге қатысу (ірі халықаралық, мамандандырылған көрмелерде белгілі бір саланың бәсекеге қабілетті қазақстандық өндірушілердің өнімдерін/қызметтерін ұжымдық таныстыру)

- қазақстандық тауарлық белгілерді (тауарларды/қызметтерді) шетелдік нарықтарға жылжыту (тауарлық белгілерді шетелдерге таныстыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, қазақстандық тауарлық белгілердің атынан жоғары сапалы өнім туралы имидждік мақалалар орналастыру, отандық өндірушілердің әлеуетті шетелдік сатып алушылармен  келіссөздерін ұйымдастыру);

- гуманитарлық сатып алулар нарығын жылжыту (гуманитарлық ұйымдар азық-түлік өнімдерінен бастап машина жасау бұйымдарына дейін олардың маңыздылығына байланысты тауарлардың үлкен ассортиментін сатып алады).

Қызығушылық танытқан жағдайда сіз қосымша ақпаратты мына көздерден ала аласыз: www.export.gov.kz порталы немесе 8 (7172) 91 90 40 телефоны бойынша.

Сұрақ: Кәсіпкерге Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында бизнесті жүргізуінде  және инвестиция салуында қандай пайда бар?

Жауап: АЭА аумағында бизнесті жүргізудің айрықша ерекшелігі – бірқатар басымдықтар мен жеңілдіктердің бар болуы. Мысалы, АЭА қатысушылары үшін салықтық және кеден жеңілдіктері қарастырылған:

Салықтық жеңілдіктер – корпоративті табыс салығының (КТС) сомасын 100%-ға төмендету, жер салығы, мүлік салығы, өндіріс барысында толығымен тұтынылатын тауарларды  шығару кезіндегі қосымша құн салығы  бойынша 0-дік ставка.

Кеден жеңілдіктері -  АЭА аумағына тауарларды кіргізу кезінде кеден баждары салынбайды.

Сондай-ақ АЭА қатысушыларына 10 жылға дейін жерді пайдаланғаны үшін 0-дік ставкамен жер телімі беріледі.

Сонымен қатар АЭА барлық қатысушыларына өндірісті іске қосқаны үшін инфрақұрылымның қажетті объектілеріне рұқсат беріледі ( өндіріс объектілері мен жылу және электр энергиясын беру, сумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету, кәріз, көлік коммуникациясы, байланыс қызметтері мен өзге объектілер құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері).

Айта кету керек, 2015 жылы 25 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған АЭА қызмет көрсету талаптарын ары қарай жақсартуға бағытталған АЭА қызметін жетілдіру мәселесі бойынша заң жобасы әзірленді.

Сұрақ: Менің инвестициялық жобам бар. Инвесторларды тартуға көмек керек. Өзімнің жобам туралы ақпаратты қайда орналастыруға болады?

Жауап: Егер сіздің инвестициялық жобаңыз болса, біз Сізге бірінші кезекте компанияңыз, жоба және агенттіктің тарапынан қажетті қолдау туралы қысқаша ақпаратты көрсете отырып, «KAZNEX INVEST» АҚ-ға ресми хат жолдауыңызды сұраймыз.

Өтінішті қараған соң Сізге толтыру үшін жобаның сауалнамасы жолданады, онда жоба туралы ақпарат жолданған соң инвестициялық жобалар мен инвесторлар дерекқорына www.baseinvest.kz қосылады.

www.baseinvest.kz сайтында жобаны орналастыру талабы – бұл бизнес жоспардың және сауалнамада орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде көрсетілген толық ақпараттың болуы.

Инвестициялық жобалар дерекқоры үшін www.baseinvest.kz әзірленіп, 2013 жылдың ортасында ашық рұқсат берілді. Осы күнге дейін жобалар базасына 20000 ауысулар жасалды, әлеуетті инвесторлардан 750 сауал алынып, өңделді. 2010 жылдан бастап KAZNEX INVEST қолдау көрсетуімен жалпы сомасы  1 911 млрд. АҚШ долларына 47 шетелдік инвестор инвестициялау туралы шешім қабылдады.

Сіз сондай-ақ www.invest.gov.kz сайтындағы «Инвестициялық жобалар базасы» бөліміне ауыса отырып, Қазақстандағы іске асыруға ұсынылған инвестициялық жобалармен таныса аласыз.

Сұрақ: Қазақстанға өзінің қаражатын салуды шешкен инвестор қандай инвестициялық артықшылықтарға ие болады?

Жауап: «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына сәйкес инвестор:

1. Жобаларға арналған преференциялар (оның ішінде басым инвестициялық жобалар үшін):

  • Жабдықтар, оларға қосымша шикізат пен материалдар әкелуде кеден баждарын төлеуден босату;
  • Мемлекеттік заттық кепілдіктер белгіленген активтерге инвестициялардың көлемі 30%-дан артық емес ( жер учаскелері, үй-жайлар, ғимараттар, беру қондырғылары, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен қондырғылар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүкәмалдары)  

2. Инвестициялық басым жобалар үшін преференциялар *:

  • Салық жеңілдіктері: корпоративті табыс салығы – 10 жылға 0% ; жер салығы – 10 жылға 0% ; мүлік салығы – 8 жылға 0%;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен пайдалануға енгізген соң жабдықты сатып алуға инвестициялық қарыздар 30%-ға дейін;
  • Салық және шетелдік жұмыс күштерін тарту саласындағы заңнама тұрақтылығына кепілдік беру;
  • «Бір терезе» принципі бойынша инвесторлармен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған уәкілетті органның инвестицияларды мемлекеттік қолдауы;
  • Уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалатын инвестициялық келісімшартқа сәйкес мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілді тапсырыс беруді қамтамасыз етуде инвесторға уәкілетті органның көмегі
  • Инвестициялық басым жобалардың өлшемдері:
  • Қызметтің басым түрлері тізіміне сәйкес
  • Инвестициялар көлемі 2 млн. АЕК-тен артық қайта құрылған заңды тұлға (АЕК – республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш)

Басқа барлық инвестициялық преференцияларды ұсынуға қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне жүгінуіңізге болады. Есіңізге салып өтейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде инвестициялық басым жобаларды іске асырушы инвесторларды сүйемелдеу үшін Investors Services Centre жұмыс істейді. Investors Services Centre инвестициялық мүмкіншіліктер бойынша кеңес береді, мемлекеттік қызметтерді (лицензиялар, сертификаттар, анықтамалар және т.б.) алуға арналған құжаттарды жинауға және ресімдеуге, орталық және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде инвестициялық жобаны сүйемелдеуге көмек көрсетеді.

 Сall-centre телефоны: 8 (7172) 75-45-40.

Сұрақ: Біздің елдің ЖІӨ жоғарғы энергиялық сыйымдылығының негізгі себептері қандай?

Жауап: 1) Қазақстандық экономиканың құрылымы– өндіруші салалар, ТМК, мунай-газ секторы, көмір энергетикасы басымдылығымен салалардың энергия сыйымдылық түрлері;

2) Ауа райы жағдайлары деп ауданның солтүстік бөлігінде болатын шамамен 9 ай от жағатын маусымды айтамыз. Осыған орай бізде жылумен қамтамасыз ету секторы жеткілікті энергиялық шығындық және сыйымдылық болып келеді;

3) Кей салаларда ұқсас еуропалық көрсеткіштерді бірнеше есе арттыратын экономиканың көптеген салаларындағы жалпы технологиялық мешеулігі және сәйкесінше өнімнің жоғарғы энергиялық сыйымдылығы;

4) Көптеген тұтынушыларды энергиялық ресурстарға еппен қарауды ынталандырмайтын энергия тасымалдаушыға бағаның біршама төмендігі.

Сұрақ: Аудандарда энергиялық тиімділік саясаты қалай іске асырылады?

Жауап: 2012 жылдан бастап аудандар 2015 жылға дейін бірінші кезеңде және 2020 жылға дейін екінші кезеңде энергия қуатын үнемдеу кешенді жоспарларын ойдағыдай іске асыруда. Жалпы алғанда барлық аудандық жоспарларға әр түрлі салалар бойынша – өнеркәсіп, ТКШ, көлік, энергетика салаларында энергияны үнемдеу шаралары кіреді, сонымен қатар насихаттау шаралары және кадрларды дайындау. Осымен қатар Министрлік «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату туралы» Заң шеңберінде энергия тиімділігі саясатын іске асыру бойынша жыл сайынғы Әкімдіктер рейтингін өткізеді. Саясатты іске асыру деңгейі жылдан жылға жақсарып келе жатырғанын көреміз.

Сұрақ: Энергиялық аудитті өткізу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорынға қандай қолдау көрсетіледі?

Жауап: 2015 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кей заң шығару актілеріне өзгерістермен қосымшалар енгізу туралы» Заңы қабылданды, энергия аудитін өткізу мерзімін бір жылға, яғни 2016 жылдың шілде айына дейін ұзарту ескеріледі.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айында Министрлік энергия аудитін өткізу үшін кәсіпорын шығарған шығынның 50%, бірақ шағын және орта өнеркәсіп үшін 8 млн. теңгеден көп емес және ірі кәсіпорын үшін 16 млн. теңгеден аспайтын қаражатты қайтаруды қарастыратын «Өнімділік 2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Сұрақ: 59 қадамды іске асыру бизнес және жалпы елдің экономикасы үшін не береді?

Жауап: Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату біріншіден экономика шығынының басым бөлігін – энергетикалық ресурстарға шығын бөлігін тиімді басқару дегенді білдіреді. Яғни энергиялық ресурстарды тиімді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді және кәсіпорындарға бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ДСҰ құрамына кіруге айтарлықтай маңызды.

Сонымен қатар энергиялық сервисті қызметтер нарығын дамытумен қатар жаңа РҚК кластері іске асырылатын болады.

Бюджеттік секторды айтатын болсақ, барлық шараларды жүзеге асырғаннан кейін бюджеттер шығынысыз 10 млрд. теңгеге дейін жыл сайынғы үнемдеу жоспарлануда.

Сұрақ: Инновациялық жоспарларды жүзеге асыру үшін несиенің басым бөлігі доллар валютасымен берілді. Көптеген кәсіпкерлер-инноваторлар теңгенің долларға шаққан курсының көтерілуі оларды банкротқа әкеледі деп қорқуда. Девальвация болған жағдайда олардың бизнесін қолдаудың нақты шаралары бар ма?

Жауап: Инвестиция және даму Министрлігі Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуда.

Инновациялық қызметті қолдаудың негізгі мемлекеттік құралы ол инновациялық гранттар. Осы ретте, инновациялық гранттар тегін және ұлттық валютада беріледі.

Сұрақ: Жаңа экономикалық жағдайда инновация саласында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету шарттары қалай өзгерді?

Жауап: Қазіргі уақытта инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету механизмін жетілдіру шеңберінде инновациялық гранттардың дара түрлері бойынша соманы ұлғайту жоспарлануда: технология алуға 400 млн. теңгеге дейін және грант шеңберінде  технологияны коммерциялауға 100 млн. теңгеге дейін. Бұдан басқа, өнеркәсіптік зерттеулерге грант арқылы  80%  дейінгі, бірақ 800 млн. теңгеден артық емес шығындарды өтеу шарттарында мемлекеттен және ғылым, бизнес өкілдерінен тұратын консорциумға ұсынылатын мақсатты технологиялық бағдарламаларды іске асыру көзделетін болады.

Сонымен бірге қажетті құжаттың саны 7-9 позицияға дейін (бұдан бұрын 11-19) және 2 данаға дейін (бұдан бұрын 4) қысқартылатын болады.

Сұрақ: Өткен жылы Қазақстан өңдеу өнеркәсібін экспорттау саласында ТМД елдері арасында сенімді көшбасшы орнын алған болатын. Алғашқы рет Қазақстан сыртқы нарыққа тек шикізат қана емес, сонымен қатар  жоғары технологиялық өнімді жеткізуді бастады. Бүгін экспорттаушы-кәсіпорындардың жағдайы қандай?

Жауап: 2014 жылы салаға теріс әсерін импортталған шикізат және толымдаушы материалдар құнын өсіру арқылы өткізілген девальвация көрсетті. Қосымша кері кезең 2014 жылдың соңғы айларында рубль курсының құлауымен келіп, отандық өндірушілер пайдасына емес сұранысты қайта бөлуге әсерін тигізді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні экспорттаушы-кәсіпорындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық өндірушілерді және экспорттаушыларды 2015-2016 жылдарға қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы біріккен әрекеттер жоспарын бекітті. Жоспар шеңберінде экспорттаушыларды қаржыландыру әрекет ететін құралдар арқылы «ҚДБ» АҚ және «ҚДБ-Лизинг» АҚ ішкі актілері талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, сонымен қатар қаржы институттарын және Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын өнімді импорттау кәсіпорындарын несиелеу арқылы. Қаржыландырудың жалпы сомасы – 35 миллиард теңге 2015 жылы және 15 миллиард теңге 2016 жылы.

Сұрақ: ИДМ қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті қайта жаңғырту үшін не жасап жатыр? Қалай ойлайсыз, орташа мерзімді келешекте Қазақстан жеңіл өнеркәсіптің ішкі нарығының 10% қайтарып ала алама?

Жауап: Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі экономикалық қызметтің 3 түрінде көрсетілген – тоқыма өндірісі, киім өндірісі, былғары және соған жататын өнім өндірісі. 2015 жылдың 1 мамырына Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1534 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 20 – ірі, 35 – орта және 1479 шағын кәсіпкерлік. Кәсіпорынның басым бөлігі (874) киім өндіру буынында жұмыс жасайды, 476 кәсіпорындар тоқыма өнімдерін өндіреді және 184 кәсіпорындар былғары және соған жататын өнімдерді өндіреді.

Тұтас алғанда Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялау жағынан соңғы он жылда тұрақсыз үрдіске қарамастан 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2014 жылдың сол айларына қарағанда инвестицияның көлемі 2 есе асып,  712,6 млн. теңгені құрады (әсіресе тоқыма өнеркәсібінде инвестицияның 25,5 есе күрт өсуі есебінен). Жеңіл өнеркәсіптің импорты соңғы 7 жылда 2 234,5 млн. АҚШ долларына ұлғайып,  2008 жылдың көрсеткішінен 4,9 есе асты. 2008 жылға қарағанда жеңіл өнеркәсіптің өндіру көлемі 2,4 есе өсті. Соңғы 6 жылда тұрақты өсімді киім өндірісі көрсетті.

Соған қарамастан, бүгінгі күні Қазақстанның жалпы өнеркәсібі құрылымында жеңіл өнеркәсіптің үлесі өндіру өнеркәсібі құрамында 0,36%, өңдеу өнеркәсібінде 1,1% құрайтынын айтып өтуім керек.

Қазіргі жеңіл өнеркәсіптің 90% шағын өнеркәсіптер. Бұл үрдіс соңғы 7 жыл бойы сақталуда. Ірі бизнес нарықта ауытқу кезінде төзімді, бұған қарағанда ертерек айтылғандай қазіргі өнеркәсіптің 90% алып жатқан шағын өнеркәсіп баға бойынша бәсекеге төзімсіз, соның ішінде Қазақстанға және басқа да елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін импорттайтын шетел компанияларымен.

Осы факторларды есепке алғанда саланы дамытуда мемлекеттік қолдау шараларына үлесімізді қосамыз.

Соңғы бірнеше жылда «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіптің 109 жобасынан көбі қаржыландыруға қол қойылды; «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ технологиялық қолдау және инновациялық даму шеңберінде жеңіл өндіріс өнеркәсіптерге жобалар және техникалық бизнес-инкубация бойынша қолдауға инновациялық гранттарды ұсынды; жұмыс жасап жатқан жеңіл өндіріс өнеркәсіптерді ынталандыру және жаңартуды қолдау құрал кешені бар «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде осы саланың кәсіпорындарына лизинг тақырыбы құны 2 есе түсті (150 млн. теңгеден бастап 75 млн. теңгеге дейін).

Жеңіл өнеркәсіптерді шикізатпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Отандық өнеркәсіптердің шикізатқа сұранысы анықталуда. Сервисті-дайындау орталықтарын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ірі қара малдың және жылқы тұқымдас жануарлардың өңделмеген терілерін шығаруға кеден бажының мөлшерлемесі бір тоннаға 200 евродан 500 евроға дейін өсті.

Халықты қауіпті өнімнен қорғау мақсатында Белоруссия және Ресей жақтарымен бірігіп Кеден одағының комиссия шешімімен «жеңіл өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті жасалып бекітілді, бұл регламент адамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Кеден одағы аумағында жеңіл өндіріс өнімдеріне міндет талаптарды бекітеді, сонымен қатар өнім тұтынушысын жаңылдыратын іс-әрекеттерді алдын алады.

Экспортты ынталандыру шеңберінде мақта-талшық, жүн бұйымдар, сауда былғарысы, аяқ киім, тігін өнімдері, балалар және ересектер киімдері, спорттық киімдер және т.б. сияқты отандық тауарларды  сыртқы нарыққа шығару жұмыстары жүргізілуде.

Өнеркәсіп индустрияландыру Картасы шеңберінде дамыған салалар елдің жеңіл өндіріс және экономикасын дамытуда үлесін қосады. 2014 жылда жеңіл өндіріс өнеркәсібі индустриялау Картасы шеңберінде 7,3 млрд. теңгеге өнім жасалды. Нәтижесінде олар өндірген өнімнің үлесі саланың өндірісінің жалпы көлемінде 11% құрады.

Сұрақ: Алдыдағы уақытта «Гульнар Тур» және «Travelsystem» жағдайлары қайталанбас үшін не жасалады?

Жауап: Келесіде осындай жағдайларды болдырмау немесе болуын азайту үшін қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен тығыз қатынаста заңнамада туроператорлар жауапкершілігін күшейту және Қазақстан Республикасынан шығып бара жатырған туристер қауіпсіздігі туралы өзгеріс енгізу туралы сұрақ талқылануда, ол үшін келесі шаралар қабылдану қажет:

1) туроператорлар және турагенттіктер жауапкершіліктерін күшейту бойынша;

2) Қазақстан шекарасынан шығып бара жатырған туристердің құқықтық қауіпсіздігін жоғарлату.

Соның ішінде заңнамамен қарастырылған:

- туроператорлар үшін қаржы кепілін енгізу;

- азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің сақтандыру сомасын өсіру;

- Британия (ATOL жүйесі) және Дат (туристік саяхатының кепілдік Қоры) тәжірибесін пайдала отырып, депозиттерді кепілдендіру Қорымен бірдей турист құқығын қорғау Қорын дамыту;

- Шығу туризмінің толық кепілі моделіне кезеңмен өту.

Сұрақ: қауіпті өндірістік нысанаға жұмысқа қабылданатын қызметкерлердің барлығы өдірістік қауіпсіздікке оқытылады ма немесе тек техникалық бастықтар және қызмет тұлғалары ма?

Жауап: қауіпті өндірістік нысанада жұмыс істеу үшін барлық мамандықтар мен қызметкерлер өндірістік қауіпсіздік сұрақтары бойынша дайындыққа және қайта дайындыққа жатады.

Сұрақ: «Протон» ЖМ экологиялық қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Жауап: 2001 жылы «Байқоңыр» космодромынан ракета-жүктеуіш жіберілуінен қоршаған ортаға және елді мекеннің денсаулығына әсерін бағалау үшін  ҚР ИДМ Аэрокосмостық комитетінің қарамағында «Ғарыш-Экология» ҰАО құрылды. Өнеркәсіппен «Байконур» космадромының позиционды аумағында және ракета-жүктеуіштен бөлінетін  бөлшектерінің (РЖ ББ) түсетін аумақтарында «Протон» ракета-жүктеуіштерінің жіберілуінің экологиялық сүйемелдеуі әрдайым жасалып тұрады. сонымен қатар гептилді және ондан түскен азықтардың құрамын анықтау үшін қоршаған ортадан нысаналардың сынамаларының жиынтығы жүргізіледі (ауа, өсімдіктер, су, топырақ). Егер топырақта көрсетілген компоненттердің ҮӘК көп болған жағдайда Ресей жағында оны детоксикациялау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі