Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражатты алуға ұсынылатын құжаттарды қарастыру нәтижесі

 

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді)

сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға

республикалық бюджеттен қаражатты алуға ұсынылатын құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша

хаттама

 

 

Астана қ.                                                                2017 жылғы 7 ақпандағы

 

1.     Комиссия құрамда:

 

Потлов

Дмитрий Владимирович

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;

Қабижан

Нұрбек Несіпбекұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті теміржол көлігі басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;

Омарова

Диляра Кенжебекқызы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті теміржол көлігі басқармасының бас сарапшысы, Комиссия хатшысы;

Алықпашева

Құралай Сексенқызы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заң жұмысы басқармасының бас сарапшысы;

Тауекелов

Руслан Серікұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті теміржол көлігі басқармасының бас сарапшысы;

Мұратханов

Дархан Бақытбекұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті теміржол көлігі басқармасының сарапшысы.

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 19-тармағына сәйкес «Nomadas» ЖШС әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға ұсынылған өтінімін қарастыру нәтижесі бойынша КЕЛЕСІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ:

1) «Nomadas» ЖШС Қағиданың 13-тармағына сай келеді деп танылсын;

2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға ұсынылған құжаттарды Қағиданың 14-тармағына сай келеді деп танылсын;

3) Қағиданың 25-тармағына сәйкес «Nomadas» ЖШС-мен қаржы лизингі шартына сәйкес Қағиданың 28-тармағына сәйкес төлем кестесін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған қарыз/қаржы лизингі шартын ұсынған жағдайда «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау» 212 бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен қаржы бөлгеннен кейін  3 жылдық мерзімге Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау шарты жасалсын.

2. Қағиданың 24-тармағына сәйкес осы хаттаманың көшірмесі:

1) «Nomadas»  ЖШС және «ҚДБ-Лизинг» АҚ бағыттауға;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауға жатады.

 

 

Комиссия төрағасы:

Д. Потлов

 

 

 

Төрағаның орынбасары:

Н. Қабижан

 

 

 

Комиссия мүшелері:

Қ. Алықпашева

 

 

 

                                       Р. Тауекелов

 

 

 

           Д. Мұратханов  

 

 

Комиссия хатшысы

Д. Омарова

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі